Э
н
ц
и
к
л
о
п
е
д
и
я

Алфавит
Пәндер

Әдістемелік бірлестік туралы Е Р Е Ж Е. Әдістемелік бірлестік білім мекемесіндегі әдістемелік қызметтің негізгі құрылымдық бөлігі болып табылады.

ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІК ЖҰМЫСЫ

Фаузия
  Саметова

    Әдістемелік бірлестік (ары қа-рай - ӘБ ) — бір немесе бірнеше бағыттас пәндер бойынша оқу-тәрбие, әдістемелік, экспери-менттік және сыныптан тыс жұмыстарды жүргізетін, білім беретін мекеменің әдістемелік қызметінің негізгі құрылымдық бөлімі болып табылады.


    ӘБ мектепте бір пән бойынша 3 мұғалім немесе бірнеше оқу пәндері бойынша 3 мұғалім болса құрылады. Сынып жетек-шілері үшін де әдістемелік бір-лестік құрылуы мүмкін.

ӘБ тәжірибелі және білікті маман басқарады. ӘБ отырыстары әр бірлестік бойынша тоқсанына 1 рет өткізіледі.

    ӘБ жұмыс жоспары мектептің әдістемелік жұмысының құрам-ды бір бөлігі деп есептеледі. ӘБ жоспары өткен жылдың нәти-желерін талдау негізінде жасала-ды және сол жылға қойылған міндеттерден тұрады. Жоспарды ӘБ жетекшісі жасайды.
  ӘБ жоспары педагогикалық кеңесте қарастырылады, мектеп директоры бекітеді.


ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІК ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ:


  Әдістемелік бірлестікті бірлестік мүшелерінің келісімімен тәжіри-белі ұстаздар тарапынан таң-далған төраға басқарады. Төра-ғаны білім мекемесінің дирек-торы тағайындайды. Әдістемелік бірлестіктер тікелей директор-дың әдістемелік жұмысы жөнін-дегі орынбасарына бағынады.

 Әдістемелік бірлестіктің жұмы-сы жылдық жоспар негізінде іске асырылады. Жоспар әдістемелік бірлестіктің төрағасы тарапынан құрылады, әдістемелік бірлестік-тің отырысында қарастырылады, директордың әдістемелік жұмы-сы жөніндегі орынбасарымен келісіліп, мектеп директорымен бекітіледі.
 Әдістемелік бірлестіктің оты-рысы тоқсанда кемінде бір рет өткізіледі. Отырыстың мерзімі, өтілу орны туралы төраға дер кезінде директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбаса-рына хабарлау керек. Қаралып отырған әр мәселе бойынша ұсыныс қабылданып, ол хаттама журналына жазылады. Ұсыныс-тар әдістемелік бірлестік төра-ғасының қолымен бекітіледі.

Әдістемелік бірлестіктерді құ-ру, олардың санына, құрамына өзгерістер енгізу мектеп дирек-торының бұйрығымен жүзеге асырылады.


ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІК ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ

Әдістемелік бірлестіктің қыз-меті мектеп директоры және оның орынбасарлары тарапынан бақыланады. Бақылау мектептің әдістемелік жұмысы және мек-тепішілік бақылау жоспарла-рына сәйкес жүргізіледі.


   "Әдістемелік бірлестік жұмысы-ның негіздері туралы "Қазақстан Ұстазы" журналында толық жа-зылған. Онда, әдістемелік бір-лестік жетекшісінің міндеттері, әдістемелік бірлестік мүшелері-нің құқықтары, әдістемелік бір-лестік құжаттары және әдісте-мелік бәрлестік жоспарының құрылымы туралы ақпараттарды таба аласыздар."

Мекемелер үшін келісім-шарт негізінде қызмет көрсету қарастырылған. Толық ақпаратпен танысу үшін ресми сайт journal.kzu.kz төріне шақырамыз.

Журнал элек-тронды және қағаз түрлерінде тоқсан сайын шығарылады.

Журнал айдарлары:

Білікті басшы, Әдістемелік қоржын, Тәрбие сағаттары, Ашық сабақтар, Ұстаз туралы жыр, Шәкірттер жетістіктері.

Мақалалар қазақ және орыс тілде-рінде қабылданады.

ҚОРЫТЫНДЫ
»Пікір«

Әдістемелік бірлестік жұ-мысы мектептің жалпы әдістемелік жұмысының маз-мұны анықталынған бағыт-тармен, нақты белгіленген мақсаттармен және міндет-термен анықталады. Ол ең алдымен заңды және норма-тивті құжаттармен танысу-дан; оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу құралдарын, әдісте-мелік нұсқауларды, оқытудың және сыныптан тыс, мектеп-тен тыс пәндік және тәрбие-лік жұмыстың қазіргі техно-логиялары мен әдістерін оқып үйренуден; жаңашыл және озық тәжірибемен, ондағы озық ойларды шығармашы-лықпен қолдана білумен, менеджменттің міндеттері және ойларымен, инновация-мен танысудан тұрады.

Қазір отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселесі мемлекеттік деңгейде қолға алынған. Осының арқасында тұрақтылық-тың, бірліктің, ұлтаралық тепе-теңдіктің нығаюы көзделініп келеді.

Отансүйгіштікке тәрбиелеу жолы -

мемлекет тілін
      дәріптеу

«Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, бүр-сүгінгі де тағдыры» деп батыр атамыз Бауыржан Момыш-ұлы айтқан екен.

Сол себепті ана-ті-лін қадірлеу – әр азаматтың перзент-тік парызы. Әр ха-лықтың ана тілі – білімнің кілті.

Жалпы бірнеше тіл білгеннің пайдасы болмаса, зияны жок. Ол адамның білімді-лігінің, мәдениетті-лігінің бір көрсет-кіші.

Оның үстіне бірнеше тілді, әсіресе, мем-лекеттік тілді білген қызметкердің бола-шақта мерейі үстем, бағасы да жоғары болары сөзсіз.

    Қазақстандық патриотизм де-генді мен былай түсінемін: әрбір отандасымыз өз мемлекетін, он-да тұратын халықтарды, олар-дың тілін, дінін, мәдени мұра-сын, дәстүрін құрметтеуі керек. Осы елдегі тыныштықты, тату-лықты сақтап, мемлекеттің гүл-денуі үшін еңбек етуі тиіс. Ал, Конституция бойынша қазақ тілі мемлекеттік тіл болып белгілен-ген соң, оны жетік меңгеріп, қо-ғамның барлық саласында қол-данылуына, оның дамып, көр-кейе түсуіне өз үлесін қосуы тиіс.

Мемлекеттік мәртебесі бар тіл-ге өте көп жауапкершілік арты-латыны мәлім: ол қоғамдық өмірдің барлық саласында кыз-мет етіп, талап үддесінен шыға білуі кажет. Оның үстіне, сол мемлекеттің азаматтарын ортақ мүдделер төңірегінде ұйымдас-тыра алатын ұйытқы болуы керек. Осындай маңызды мін-деттер жүктелген тіл өз дәре-жесінде тіршілік етуі үшін оны тиісінше қамқорлыққа алып, дамытуымыз қажет.

Бұл орайда Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылдың 7 ақпанындағы Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдануды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» бар.

 Бағдарламадағы басым бағыт-тардың бірі ретінде мемлекеттік тілді насихаттау жұмыстарын жүргізу көрсетілген.
   Тілді насихаттау дегеніміз не? Ол, меніңше, халықтың санасына

қасиетті ана тіліміздің құдіретін жеткізу, оның қыр-сырын, бай-лығын көрсету, сол ұшан теңіз байлықты меңгеруге құштарлы-ғын арттыру, ғажайып әуезді-лігін, сөздік қорының молдығын сезіндіру.

Қазақстандық патриотизм де-ген – тек қазақтың өз жеріне деген сүйіспеншілігі емес, бұл бүкіл Қазақстан халқының қазақ еліне, тарихына деген шынайы сезімі. Оны күшпен туғызу мүмкін емес және ол атадан балаға берілетін қасиет емес. Патриот деген әр тұлғаның өзіне ғана тән қасиет. Оған үлкен тәлім-тәрбие мен насихаттық жұмыс аркылы ғана жетуге бо-лады. Тіл тазалығы – ұлт қа-сиетінің негізгі өнегесі мен нағыз белгісі. Тіл байлығы елдің елді-гінің, өнері мен әдебиетінің, ғы-лымы мен мәдениетінің, т.б. көр-сеткіші емес пе?

БҰДАН ШЫҒАТЫН
»қорытынды«

Ұлттық рухтағы жан таза-лығына, ұлттық сананың оянуына, рухани байлыққа әкелетін үдерістің бәрі қазақ тілінде жүруі тиіс. Елінің бо-лашағын ойлайтын іскер, жі-герлі де батыл, өзіне-өзі сенім-ді, интеллектуалдық деңгейі биік, жан-жақты азаматтары-мызды қалыптастыруда отан-сүйгіштік сезімге толы ана ті-лінің атқаратын қызметі зор болмақ.